«Жолаушылар тасымалы» АҚ балалар үшін пойызға билет алу тәртібін түсіндірді

7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Өзіне бөлек орын беру үшін балалар билетін алу қажет. Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса да балаларға арналған билет алу қажет болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. 15 жастан жоғары балаларға ересек адамдармен бірдей бағада билет алынады.

Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет?

Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады.

Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі.

Баланың жалғыз өзін пойызбен қалай жіберуге болады?

15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады. Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге баратын болса, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат керек болады.

15 жастан асқан балалар пойызда өзінің ата-анасы, яғни заңды өкілінің атынан оның жалғыз жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өзі саяхатқа шыға алады.

Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-19
Утром23.47 ℃
Днем29.76 ℃
Вечером29.27 ℃
Ночью21.54 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.93 м/с
2024-06-20
Утром19.21 ℃
Днем26.87 ℃
Вечером27.36 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.42 м/с