БҚО-да менингококк жұқпасы 4 жастағы баладан анықталған

Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында менингококк жұқпасының 1 жағдайы Тасқала ауданында, мектепке дейінгі ұйымға баратын 4 жастағы баладан анықталды.

Көрнекі сурет «ОА» мұрағатынан

Эпидемиологиялық тергеу барысында қарым-қатынаста болған 30 адам анықталды (5-і үй ошағынан, 25-і мектепке дейінгі ұйымнан). Эпидемияға қарсы шаралар уақытылы жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандардан барлығы зертханалық тексеруден өткізілді, оң нәтиже анықталмады.

2022 жылы облыста менингококк жұқпасының 4 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген (3 ұйымдаспаған бала, 1 мектеп оқушысы) болатын. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Менингококк ауруы – Neisseria meningitidis бактериясы тудыратын жіті жұқпалы ауру. Менингококк инфекциясы назофарингиттен сепсиске дейін өзгеруі, ол бірнеше сағат ішінде өлімге әкелуі мүмкін.

Инфекция ауа-тамшылы жолмен (жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде) беріледі. Менингиттің симптомдары қарапайым тұмауға ұқсас.

Менингит кенеттен басталады: кенеттен қатты бас ауыруы, құсу, геморрагиялық бөртпе, дене температурасының 39-40°С-қа дейін көтерілуі, тыныс алу жеткіліксіздігі, сананың шатасуы. Жалпы әлсіздік, арқа мен аяқтың ауыруы байқалады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді.

Инфекция көзі ауру адам немесе клиникалық белгілері жоқ менингококк тасымалдаушылары болып табылады. Ауру анықталған жағдайда инфекция көзін анықтау мақсатында қарым-қатынаста болған барлық адамға бактериологиялық тексерулер ұйымдасты­рылады және инкубациялық кезең ішінде медициналық бақылауға алынады.

Менингококк инфекциясының алдын алудың негізгі шаралары:

– аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде ауыр асқынуларды болдырмау үшін медициналық көмекке жүгіну керек, өз бетімен емделуге болмайды;

– аурудың өршуі кезінде адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту;

– таза ауада серуендеу;

– ғимараттарды жиі желдету;

– жөтелгенде немесе түшкіргенде бір рет қолданылатын орамалды қолданылу;

– жеке бастың гигиенасын сақтау.

Өкінішке орай, көптеген ата-ана аурудың қауіптілігін толық білмейді, сондықтан білікті медициналық көмектен бас тартады. Менингококкты жұқпаның кенеттен басталуы мен ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгіну қажет, ауырған адамның өмірі осыған байланысты. Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да 2022 жылы 4 адамнан менингококк инфекциясы анықталған

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.6 ℃
Днем-6.18 ℃
Вечером-9.62 ℃
Ночью-11.54 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-12.5 ℃
Днем-6.77 ℃
Вечером-9.23 ℃
Ночью-9.88 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра3.89 м/с