Оралда түнде базар өртенді

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында базар өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндірушілерге түнгі сағат 23:00 шамасында хабарлама түскен.

© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті

«Сағат 22.53-те «Бәйтерек» жабық сауда орны жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнында 48 жеке құрам және 12 бірлік техника, полиция департаментінің 11 қызметкері, 3 бірлік техника жіберілді. Батыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясынан 2 техника мен 5 адам қосымша жұмылдырылды», – дейді ведомстводағылар.

© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті

Тілсіз жау сағат 00:09 оқшауланып, 00:37 толық жойылды. Өрттің салдарынан шамамен 80 шаршы метр алаң жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖД өрт бақылау басқармасының бастығы Мереке Жұмағалиев өткен жылы алты сауда нысанында өрт шыққанын хабарлады. Жыл басынан бері-тоғыз жағдай. Бес жағдайда әкімшілік ғимараттар, төрт жағдайда өндірістік нысандар өртенді.

— Негізінен өрттің себебі электр сымдарының немесе электр жабдықтарының тұйықталуы болып табылады. Қазір жаз, көптеген техникалар қосылады, желіге салмақ түседі. Жабдық жаңа болғанымен, сымдар ескі, нәтижесінде өрт шығады, – деп түсіндірді Жұмағалиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-15
Утром9.99 ℃
Днем18.48 ℃
Вечером17.56 ℃
Ночью15.58 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с
2025-05-16
Утром12.31 ℃
Днем20.08 ℃
Вечером20.03 ℃
Ночью14.88 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.7 м/с