Ауылдың жәйі не болмақ – Мәжіліс депутаты Абзал Құспан
Кеше мәжілісте өткен Үкімет сағаты аясында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа БҚО-дан бір мандатты округ бойынша Мәжіліске сайланған Абзал Құспан Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық елді мекендерге (қысқаша АЕМ) қатысты мәселе көтерді.

Өңірлік стандарттар жүйесін қамтамасыз етуге БҚО-да қаражат жетіспейді, егер министрлік қаржыландыру методикасын өзгертпесе, біздің облыстың ауыл тұрғындары тағыда көп игіліктен құр қалғалы тұр. Оған себеп бар.
2019 жылдан бастап, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту масқсатында ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру басталды.
Алайда, қазіргі таңда аталған жоба аясында барлық АЕМ-ден тек перспективті АЕМ қамтамасыз етіліп жатыр (БҚО-да 416 АЕМ-ден перспективты болып іріктелген – 223 АЕМ). Ал жоғарыда аталған стандарттар жүйесінде барлық АЕМ-ді қамтамасыз ету көзделген.
Осыған байланысты, БҚО өңірімізде АЕМ саны басқа өңірлерге қарағанда едәуір көп екенін ескерсек (416 АЕМ), мемлекет тарапынан ауылдық елді мекендерге инфрақұрылымды жақсартуға бөлінетін қаражат көлемін ауылдардың санын ескере отырып бөлу керек.
Мысалы, Маңғыстау облысында
59 АЕМ – 774 мың халқы бар;
Атырау 153 АЕМ – 697 мың халқы бар;
Ал, біздің БҚО – 416 АЕМ – 690 мың халық тұрады.
Мәселе мынада, осы кезге дейін қаражат Республикалық бюджеттен облыстарға халық санына қарай, яғни жан басына шаққандағы есеппен бөлініп келді, ал АЕМ, яғни ауылдық елді мекен саны ескерілмеді.
Жоғарыда көрсетілгендей БҚО-да ауыл саны бірнеше есе көп, сәйкесінше ол ауылдардағы дамытуды немесе күтіп ұстауды қажет ететін инфрақұрылымның да саны көп. Қазіргі жағдайда бөлініп отырған қаражат көлемін ұлғайтпаса, біздің өңіріміздегі ауылдарды өңірлік стандарттар көрсеткіштеріне сәйкестендіру белгіленген мерзімге орындалмайтыны сөзсіз,- деп аяқтады депутат сөзін.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Үкімет республикалық бюджеттен қаражат бөлу кезінде БҚО халқын алалайды-Мәжіліс депутаты Абзал Құспан