БҚО полицейлері микроқаржы ұйымдарының бірін тонаған азаматты “ізін суытпай” ұстады

БҚО полицейлері микроқаржы ұйымдарының бірін тонаған азаматты “ізін суытпай” ұстады.

Видеодан алынған кадр

Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен.

– 1 маусым күні Орал қаласы микроқаржы ұйымдарының бірінің кассирі полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, сағат 15:36-да үстіне камбинезон киген белгісіз ер адам кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап еткендігін айтты. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО ПД полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, қылмысқа барған азамат анықталып, ұсталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деп оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады БҚО полиция департаменті.

Ұсталған адам Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты. Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған.

Батыс Қазақстан облысында осымен жыл басынан бері үш қарақшылық шабуыл тіркелді. Қылмыстардың үшеуі де ашылды

Ақпарат көзі Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-15
Утром18.53 ℃
Днем16.99 ℃
Вечером18.34 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.34 м/с
2025-06-16
Утром16.15 ℃
Днем24.15 ℃
Вечером25.48 ℃
Ночью19.72 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.84 м/с