Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?

Көбінесе жасөспірімдерге еңбек шартына тіркелмейтін жұмыс ұсынылады.

Сурет ашық дереккөзден

Жасөспірімдер мен университет түлектері жазда көбінесе промоутер, курьер, байланыс орталығының операторы, репетитор, күтуші және т.б. болып жұмыс істейді. Бұл туралы Hh.kz сайтының сарапшылары мәлімдеді.

Мамыр айында Қазақстанда жасөспірімдерге 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылған. Ұсынылған орташа жалақы – 70 мың теңге.

«Жасөспірімге еңбек шарты бойынша тіркелмейтін жұмыстар ұсынылуы мүмкін. Мұндай кезде абайлау керек. Келісім-шартсыз жұмыс істегенде кейбір жұмыс беруші баланы алдап, ақша төлемеуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, университет түлектері жаңадан келген маман ретінде орта есеппен 210 мың теңге алғысы келеді. Бірақ жұмыс берушілер университет түлектерінің талапқа сай келмей, жоғары жалақы талап ететініне шағымданады.

«Жұмыс берушілер біліктілігі жоқ жас мамандарды жұмысқа қабылдауға дайын. Орта есеппен университет түлектеріне кәсіптік саласына байланысты 90-нан 260 мың теңгеге дейін жалақы беріледі. Елімізде сату, (сату бойынша менеджер), IT және жылжымайтын мүлік саласында ең жоғары жалақы төленеді», – делінген хабарламада.

Дереккөз: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-23
Утром16.59 ℃
Днем20.96 ℃
Вечером22.27 ℃
Ночью15.98 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.19 м/с
2025-06-24
Утром16.41 ℃
Днем23.44 ℃
Вечером23.86 ℃
Ночью17.8 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.84 м/с