Ресей астығының сұр импорты отандық шаруаларды табыстан қаққалы тұр

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Ресей астығының сұр импорты салдарынан отандық бидай өндірушілер зардап шегуі мүмкін екенін мәлім етті.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Жыл басынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі бастамасының арқасында Ресейден Қазақстанға бидайды автокөлік транспортымен әкелуге тыйым салдық. Қазіргі таңда теміржол арқылы әкелуге рұқсат. Сол тыйым әлі де күшінде. Сол себепті біз «сұр импортты» мөлшерін барынша азайту мәселесін барынша бақылауда ұстап отырмыз», – деді ол.

«Жалпы сіз осы фактты растайсыз ба?» деген сұраққа Қарашөкеев «оны ауыл шаруашылығы министрлігі емес, құзырлы органдар, кеден қызметі анықтайтынын» айтады. Ал құзырлы органдар растаған жағдайда отандық диқандар зардап шегуі мүмкін екенін министр де айтады.

«Әрине, Қазақстанның өсімдік шаруашылығымен айналысатын адамдарға кері әсер ететіні сөзсіз. Сұр импорттпен келетін өнімнің бағасы төмен болса, ол ешқандай салық төлемесе, әрине ол заңсыз бәсекелестік туғызып, біздің бидайды сатуда қиындық туындайды. Бұл жағынан мәселені бақылауда ұстап отырмыз», – дейді ол.

«Ал отандық диқандар сізге сұр импорттан зардап шегіп жатырмыз» деп шағымданды ма деген сұраққа ондай шағымдарды Қарашөкеев интернет беттерінен оқып отырғанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, өткен аптада Сенат депутаты Андрей Лукин астық контрабандасы салдарынан еліміздің бюджетіне жүздеген миллион теңге түспей қалғанын мәлім еткен еді. Оның сөзінше, елімізде жалған құжат бойынша Ресейден Қазақстанға бидайды салық төлемей заңсыз әкелудің тұрақты жолдары бар. Оның үстіне, бұл астықты ЕАЭО-дан тыс жерлерге экспорттағаны үшін кәсіпкерлер одан кейін де Қазақстан бюджетінен төлемдер алып отыр.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.77 ℃
Днем23.47 ℃
Вечером23.29 ℃
Ночью18.14 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.35 м/с
2025-04-20
Утром14.35 ℃
Днем24.82 ℃
Вечером24.35 ℃
Ночью18.88 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.92 м/с