Антикор ел мектептерін жаппай тексеріп жатыр

Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемақорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мектептерде бюджет қаражатын игеруін тексеріп жатыр.

Сурет ашық дереккөзден

«Министр ретінде қызметке кіріскенде елдегі барлық мектеп директорымен жиналыс өткіздім. Жиында жұмыстың тиісті әрі сапалы деңгейде атқарылу керектігі айтылды. Сонымен қатар мектептерде заңбұзушылықтарға жол бермеу мәселесі де қозғалды. Жуырда Талдықорғанда және Қызылорда (Жаңақорған ауданы) облысындағы мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты шу шыққанын білетін шығарсыздар. Осыған байланысты біздің министрлік осыдан 1 ай бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, бүкіл мектептердің қаржылық жағдайын тексеруді бастап кетті», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, тексеру ьарысында анықталған фактілер құзырлы органдардың қарауына жіберілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Талдықорған қалалық білім бөлімі бас есепшісінің үйінен 1 миллиард теңге, сондай-ақ қымбат мүліктің құжаттары табылған еді. 48 жастағы әйел шетелге қашып кетпекші болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап үлгерді. Үйін тінту кезінде 942 млн 902 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бас есепші ұрлаған ақшаның басым бөлігін шетелдік валютаға айырбастап қойған. Бұдан бөлек, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан мен Лэнд Крузер 200 маркалы көліктің құжаттары табылды. Зергерлік бұйымдар да шықты. Қазіргі кезде 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке уақытша шектеу қойылды.

Көп ұзамай Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысы да тергеліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексерілетіні хабарланған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

19 − 2 =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем-0.16 ℃
Вечером-1.47 ℃
Ночью-2.1 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-2.29 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером-0.16 ℃
Ночью0.74 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.87 м/с