Кахов су электростанциясының салдары: 40 мыңға жуық халық құтқарылды, 23 елді мекенді су басты
Украинаның Херсон облысында жарылған Кахов станциясы әлі де жергілікті тұрғындарға салдарын тигізуде. Билік су деңгейі тағы 20 сағат бойы көтерілетінін хабарлады. Соңғы дерекке сүйенсек, 40 мың жуық адам эвакуацияланған.

ВВС агенттігі 23 елді мекеннің су астында қалғанын жазды. СЭС бөгені жарылуы салдарынан облыстағы су деңгейі әлі 20 сағат бойына көтеріледі. Қазіргі таңда 40 мыңға жуық халық эвакуацияланыпты. Олардың 17 мыңы Украина ауылдардың тұрғындары болса, 25 мың азамат Ресейдің басып алған шекарасынан құтқарылды.
Тіпті кейбір тұрғындар құнды заттарын алу үшін су деңгейі төбе жабындысына жеткенше күресіп баққан. Содан да болар 7 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Кахов су қоймасы облыстағы шаруалар мен тұрғындарды қамтып қана қоймай, Запорожье атом электрстанциясына, Қырымның оңтүстігіндегі тұрғындарға да маңызды нысан.
Әзірге су электр станциясының не себепті жарылғаны нақты белгісіз. Бұл жағдайға байланысты Украина да, Ресей де бірін-бірі кінәлап отыр. Украина президенті Зеленский қарымта шабуылға тосқауыл болу үшін Ресейдің жасаған әрекеті деп мәлімдесе, Ресей билігі керісінше шабуылдың нәтижесіздігінен елдің назарын аудару үшін осындай қадамды өздері жасады деп айыптаған.

Еске салайық, бұған дейін Кахов су электр станциясы жарылғаны туралы жазған едік.