Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды
Экс-мәжілісменнің ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын Антикор растады.

“Растаймыз, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді”, – деді агенттік өкілдері.
Нұржан Әлтаев президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған еді. Алайда кейін кандидат жалған құжаттар ұсынды деп айыпталған. Ал “Мұқалмас” республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына ешкімді кандидат ретінде ұсынбағанын мәлімдеді.
Ведомство ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтынын мәлім етті.