Оралда қала күнін мерекелеу аясында көптеген байқаулар жарияланды
Атап айтсақ, «ЖАСЫЛ ҚАЛА»,«МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОРАЛЫМ», «ҮЗДІК МАМАН» байқауына құжаттарды қабылдау басталды. Байқаудың қорытындысы қала күніне арналған салтанатты іс-шарада анықталып марапатталады.

Орал қаласының имиджін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған «ЖАСЫЛ ҚАЛА» қалалық байқаудың аталымдары:
- Үздік бизнес нысан
- Үздік аула
- Үздік мүлік иелерінің бірлестігі
(ЖС- Жәй серіктестік)
(МИБ-Меншік иелері бірлестігі)
(ПИК-Пәтер иелері кооперативі)
- Үздік денсаулық сақтау мекемесі
- Үздік білім беру мекемесі
Байқау аталымдары бойынша бас жүлде 1000000 теңге, жалпы жүлде қоры 5000000 теңгені құрайды.

Ал, «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОРАЛЫМ» тақырыбындағы «Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауына Орал қаласының барлық тұрғындары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін байқауға арналған фотосуретті немесе бейнероликті #URALSKDAY2023 хэштегімен жазып, @uralskakimat аккаунтын белгілеу керек.

Сонымен қатар, қала күнін мерекелеу аясында және Орал қаласының имиджін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «ҮЗДІК МАМАН» байқауының аталымдарына тоқтала кетсек:
- «Үздік электрик»
- «Үздік сантехник»
- «Үздік құрылысшы»
- «Үздік тігінші»
- «Үздік мұғалім»
- «Үздік медицина қызметкері»
- «Үздік жүргізуші”
Бұл байқауға да Орал қаласының барлық тұрғындары қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін қатысушының еңбек тәжірибесі мен табыстары туралы ақпарат беру қажет.
Конкурстарға қатысу үшін өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.
Байқаудың қорытындысы қала күніне арналған салтанатты іс-шарада анықталып, марапатталады.