«Сүйегі көрініп қалған». Оралда ит 13 жастағы қыздың аяғын оңдырмай тістеп алған

Жануар кішкентай қызды басқа балалар күшіктерді ұстап тұрған кезде тістеп алған.

Көрнекі сурет

Қыздың анасының айтуынша, оқиға 31 мамырда болған. Қабаған ит көпқабатты үйдің ауласында бірнеше жылдан бері мекендейтін көрінеді.

«Ит қызымның аяғын тістеп қана қоймай, етін жұлып алған. Тіпті сүйегі көрініп қалған. Қазір қызымның жағдайы жақсарды, жарасы біртіндеп жазылып келеді. Бірақ аяғы бұрыңғыдай болуы үшін болашақта эстетикалық ота жасалу керек», – дейді жәбірленушінің анасы.

Аулада ойнап жүрген балалар иттің күшіктерімен ойнамақ болған. Баласын қызғанған ит қыздың аяғынан қауып алған. Ал аула тұрғындары болса, қаңғыбас иттен мезі болғандарын айтады.

«Біз таңертең келсек те, күні бойы аңдысақ та таппаймыз. Жануар ақылды, бәрін сезеді, ұстатпай қашып кетеді. Жануарды ұстаған кезде заң бойынша 10 күн карантинге жібереміз, содан кейін оны қайтадан тіршілік ету ортасына жібереміз. Тек комиссияның шешімімен ғана оны ұйықтата аламыз, онда да жануар агрессивті болса», — дейді Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры Мадияр Ахметов.

Биыл Оралда мыңнан астам ит ұсталып, зарарсыздандырылған.

Ветеринарлық қызметтегілер итті осымен 5 күннен бері таба алмағандарын айтты. Полицейлер ит иесіз болғандықтан, ешкімді жауапқа тарту мүмкін емес екенін жеткізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером29 ℃
Ночью22.99 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с