1 шілдеден бастап Қазақстанда газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті.

Көрнекі сурет

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 27 052 теңге;
  • Алматыда – 25 103 теңге;
  • Шымкентте – 26 197 теңге.

Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.

2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 36 135 теңге;
  • Алматыда – 42 759 теңге;
  • Шымкентте – 41 158 теңге.

Басқа өңірлердегі бағаларды мына жерден көруге ​​болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген.

Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда газ бағасы өседі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.67 ℃
Днем-3.15 ℃
Вечером-4.11 ℃
Ночью-5.05 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.93 м/с
2025-12-10
Утром-5.67 ℃
Днем-3.8 ℃
Вечером-4.21 ℃
Ночью-5.19 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.03 м/с