Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады. Тараптар Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жайын талқылады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. 

Фото: Т.me/aqorda_resmi 

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды.

Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, оның еліміздің ірі кен орындарын игеруге үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасына қатысты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Eni S.p.A компаниясы арасындағы қағидалар туралы келісімге қол қойылды. 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Жыл соңына дейін Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салуға тендер жарияланады

БҚО тұтынушылары үшін газ тарифінің жартысы субсидияланады-Энергетика вице-министрі

Қарашығанақ бойынша келісімшарт қайта қаралуы мүмкін

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-18
Утром13.42 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером19.62 ℃
Ночью12.99 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.13 м/с
2025-04-19
Утром13.67 ℃
Днем21.16 ℃
Вечером20.03 ℃
Ночью16.77 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.28 м/с