Қарт Каспийдің хәлі мүшкіл – министрлік түсініктеме берді

Экология министрі Зульфия Сүлейменова Каспий теңізінің таяздап кеткеніне әсер еткен бірнеше факторды атады.

Сурет ашық дереккөзден

«Біріншіден, Каспий теңізіне құятын өзендер ағысы төмендеген. Теңіз – жабық су айдыны. Екінші мәселе – сол өзендердің гидрологиялық режимдеріне әсер ететін климаттың өзгеруі», – деп түсіндірді Сүлейменова.

Соңғы бірнеше жылда су азайып бара жатыр, дейді министр.

«Су азайған сайын теңізге құятын су көлемі де азаяды. Сонымен қатар Каспий теңізінің қазақстандық аумағы ең таяз аумақ. Сондықтан біз климаттың өзгеруінің салдарын сыртқы экзогендік фактор ретінде көріп отырмыз», – деді экология министрлігінің басшысы.

Министр теңіздегі көңілсіз жайтты Каспийді жағалай орналасқан шетелдік әріптестерімен талқылап жатқанын айтады.

«Біз бұл мәселені Каспий маңындағы әріптестерімізбен бірге көтеріп жатырмыз. Нью-Йоркте Әзербайжанның экология министрімен кездестім. Сол жерде біз бұл мәселені де талқыладық. Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрімен де біз бұл мәселені көтердік. Өйткені бұл жерде Жайық суының тартылуы ғана емес, Еділ өзенінің де мәселесі тұр», – деді Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, бұл проблеманы ауқымды түрде шешпесе тек Қазақстан емес, Каспий теңізі жағалауындағы өзге де мемлекеттер үшін қауіп төнеді.

Осының алдында Ақтауда қарт Каспийдің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с