«Қазақстан темір жолы» кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі кей бағыттағы пойыздардың кешігіп жүретінін хабарлады.
Компания мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты белгілі бір телімдерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген жылдамдықтан өзгеше болады.
Осы орайда келесі пойыздар өз кестесінен кешігіп жүруі мүмкін:
- Астана – Алматы;
- Алматы – Петропавл;
- Шымкент – Астана;
- Жезқазған – Алматы;
- Алматы – Орал.
«Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ауқымды жөндеу жұмыстары аясында пойыздар қозғалысы кестесін сақтау бойынша күнделікті шаралар жүргізуде», – делінген хабарламада.