БҚО-да бөренемен тіреп қойған: Елде тозығы жеткен екі жүзге жуық мектеп бар

Елімізде тозығы жеткен әлі де екі жүзге жуық мектеп бар екен.

Бұл мәселені мәжілісмен Нартай Аралбайұлы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен кеңейтілген тақырыптық отырысында көтерді.

Айтуынша, елдегі кейбір компаниялар мектеп салу мәселесіне кіріскен.

Оның анық айғағы бар. Алматы облысы Талғардағы салынған мектепті көрсеңіздер, бітпей тұрып қирап жатқаны әлеуметтік желілерде жарияланды. Сол олигархтарға мынадай шара қолданылды деген ақпаратты көрмедік. Одан кейін олар жекеменшік мектептерді салуға да кірісіп кеткен. Әрине, мұны мектеп жетіспеушілігімен ақтап алатын шығар. Бірақ конкурстық комиссияға қоғам белсенділері және депутаттар мүше болуы керек дегенді қолдаймын. Өйткені аймақтарға барғанда жұмсалған ақшаның әр тиынын (халық – ред.) өзгеден емес, бізден сұрайды. Ал біздің өңірлерге шығуымызға екі аптадай ғана уақыт қалды. Халыққа не бетімізді айтамыз? – деді депутат Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспановқа қарата.

Сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасының қолжетімді еместігін атап өтті.

2026 жылға дейін қалаларда, ауылдық елді мекендерде заманауи талапқа сай 800 мыңға жуық оқушыға шақталған мектеп ашылады дедіңіздер. Бірақ тағы бір есептеріңізде 2026 жылы мектеп жетіспеушілігінің саны 1 млн-нан асады делінген. Демек, «Жайлы мектепті» салсақ та, қанша құрылыс салсақ та, үшауысымды, қала берді екі ауысымды мектептер мәселесін шеше алмаймыз ғой?! Қазір елімізде 143 үшауысымды мектеп, 65 апатты жағдайда тұрған мектеп, саманнан салынған 231 мектеп пен тозығы жеткен 177 мектеп бар деп айттыңыздар. Бұл қағаз жүзінде солай. Бірақ мектепті барып көрсеңіздер, біз көзімізбен көрдік. Жартылай қирап жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы Атамекен ауылына арнайы бардық. 110 бала оқып жатыр. Бір жағын бөренелермен тіреп қойған. Қашан құлап қалатынын Құдай біледі. Ата-аналардың қалай жанұшырып жүргенін көрсеңіздер. Аталған мектептердің мәселесі қашан шешіледі? «Жайлы мектеп» деген кішкентай ауылдарға жетпейді, – деді Нартай Аралбайұлы.

Өз кезегінде вице-министр мәселеден хабарымыз бар деп отыр.

Батыстағы Атамекен ауылындағы сіз айтқан мектептің жайын білеміз. Облыстан тиісті жобалау-сметалау құжаттамасын ұсынған жағдайда біз міндетті түрде бұл мектепті қолға алып, білім беруді қолдау қоры арқасында мәселелерді шешеміз, – деді Еділ Оспанов.

Дереккөз: baq.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-26
Утром12.82 ℃
Днем25.49 ℃
Вечером24.07 ℃
Ночью16.34 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.74 м/с
2024-05-27
Утром10.26 ℃
Днем15.96 ℃
Вечером16.85 ℃
Ночью10.95 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.5 м/с