Жаңақала тұрғындары судьяның ауданнан кетуін талап етті
Бүгін, 9 маусымда бірнеше жергілікті тұрғындар АІІБ ғимаратына судья Іргебаевқа қатысты наразылықтары мен талаптарын білдіруге келді. Олар полиция судьяның көлігін өртеп жібергендерді іздеп, аудан тұрғындарының құқықтарын жаппай бұзуда, деп мәлімдеді. Судьяның өзі олардың ауданынан кетуі керек, деді олар.
Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні түнде сағат 5.00-де Жаңақала кентінде аудандық судья Ілияс Іргебаевтың көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілді. Судьяның өзі өртенген көліктің өзіне тиесілі екенін растады.
Оқиға орнына жақын жерде полицейлер пластикалық бензин бөтелкесі мен қамыс тапты.
Полиция ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі бойынша «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша тергеуді бастады.
Жергілікті тұрғындар полицейлердің шеттен шыққан әрекеттеріне шағымдана бастады. Олардың айтуынша, олар өртенген күдіктілердің үйлеріне ордерсіз кіріп, тінту жүргізген.
Күдіктілердің арасында осы ауылдан 9 жасар бала да болды. Анасы ұлының мұндай қылмыс жасау үшін тым кішкентай екенін және сол түні үйде болғанын, ал түнде ол жалғыз шығуға қорқатынын айтты. Полиция қызметкерлері олардың үйіне келіп, ұлынан жауап алуға тырысты деп шағымданды.
Полиция бөлімінің ғимаратына келген тұрғындарды аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев қабылдады. Оған жаңақалалықтар полиция жергілікті тұрғындарды жаппай қудалауды тоқтатсын, ал судья олардың ауданынан басқа жерге жіберілсін деген талап қойды.
Жеңісбек Ахметов Жанғала тұрғындарының жалпы пікірін білдірді: «Ауданның 24 мың тұрғынының бағасы 35 мың теңге тұратын судья автокөлігінің отпен зақымдалған бамперіне тең екен. Бұл не, біздің, жанғалалықтардың, құны бір теңге 45 тыйын, болғаны ма?!».
Жанғала тұрғындарына тіл тигізіп, қоқан-лоққы көрсетіп, әлеуметтік желілерде тараған судья Іргебаевтың отбасы мүшесінің пікірі отқа май құйды. Жанғала тұрғындары судья Іргебаевқа қатты наразы болды.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: БҚО-да Жаңақала ауданы судьясының көлігі өртенді
БҚО-да судьяның көлігін өртеп жіберді деп 3 сынып оқушысынан күдіктенген