Оралда спорт алаңдарының көбі тозған
Оралдағы спорттық іс-шараларға арналған нысандардың көпшілігі тозған. Жабдықтың тозғаны соншалық, олар адамдарға қауіп төндіреді. Қалада жергілікті билік өкілдерінен, қала құрылысшыларынан және қоғам қайраткерлерінен арнайы комиссия құрылды. Оларға спорт ғимараттарының жай-күйіне баға беру керек. Әкімдікте жабдықтарды жөндеу немесе ауыстыру үшін қаражат іздеуге уәде беріліп отыр.
Бұл қаланың халқы тығыз орналасқан ауданындағы спорттық ойын алаңы. Оның аумағында әрдайым адамдар көп. Бұдан спорт үшін де, ойын үшін де жағдай жоқ. Инвентарьдың бір бөлігі жарамсыз болып қалды, ал алаңдағы көгалдың жырым-жырымы шыққан.
Дастан Нарынбай, оқушы:
– Мен мұнда күн сайын келемін, мұнда көгалдар жыртылған, бірақ бізде басқа алаң жоқ. Біз мұнда футбол ойнаймыз. Әрине, біз құлаймыз, жараланамыз.
Мұрат Айдынәлиев, Орал қаласының тұрғыны:
– Инвентардың бәрі тозған, балалар үшін қауіпті, бұл туралы айтудан шаршадық, спорт алаңдарының жағдайын ешкім бақыламайды.
Қоғамдық комиссияның мәліметінше, алаңдардың жабдықтарымен негізінен басқа аймақтардағы компаниялар айналысқан. Олар демпингтік тендерде жеңіске жетті, ал жұмыс үшін қосалқы мердігерлер жалданды. Нәтижесінде сапасы төмендеді. Мәслихат депутаттары қаланы абаттандыру жұмыстарына тендерге қатысушылардың географиясын шектеуді ұсынады.
Нұрлыхан Әбенов, қалалық мәслихат депутаты:
– Неге біз бұл сұрақты көтереміз? Себебі тендерге қатысушылар бағаны 30-35% – ға дейін төмендетеді, оның үстіне салық, ҚҚС төлейді. Сонымен, жабдықтарды сатып алуға және орнатуға қанша уақыт кететінін елестетіп көріңіз.Сол себепті сапасы төмен, ең арзанын сатып алады. Сондықтан біз мұндай жұмысты тоқтатуды талап етеміз. Бұл жұмысты өз жұмысының сапасына жауап беретін жергілікті кәсіпкерлер атқарсын.
Қалалық спорт бөлімінің балансында 52 нысан бар. Арнайы комиссия мүшелері осы уақытқа дейін олардың тек 17-сіне барып, бағалады.
Байдәулет Жанбоз, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы:
– 4 спорт нысаны пайдалануға жарамсыз деп танылды, оларда күрделі жөндеуді жоспарлап отырмыз. Қысқы спорт түрлеріне арналған үш нысан бұзылып жатыр. Комиссия өз жұмысын жалғастыруда.
Сондай-ақ, қалада тағы 4 спорт алаңын салу жоспарлануда. Қала тұрғындары депутаттардан жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қоғамдық бақылауды күшейтуді сұрайды. Өйткені, спорттық жабдықтар адамдарды мүгедек еткен жағдайлар елде жалғыз емес.
Дереккөз: 24.kz
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал әкімдігі қаладағы барлық балалар және спорт алаңдарын тексеруге кіріспек