Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Президент қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты.

© Photo : ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстанда 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Президент Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты

«Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады», — деді Тоқаев марқұмдардың туыстарымен кездесуінде.

Ол қайғылы жағдайға кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Президент Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты
© Photo : ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ президент дүйсенбі, 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын айтты.

«Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз»,– деді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Абай облысында орман өртінен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с