Абай облысында орман өрті әлі сөнген жоқ

Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс жиекте) өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

© Photo: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі

«Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары аймаққа жетудің қиын болуына байланысты тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгу үшін 14 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет, жалпы көлемі 2000 тоннадан астам су төгілді.

«Кеше метеожағдайдың өзгеруіне, яғни жел екпінінің секундына 18 метрге дейін күшеюіне байланысты өрт оңтүстік бағытта Талица ауылына (тұрғындар алдын ала эвакуацияланды) қарай жайылды, ауылды қорғау үшін өрт техникасы жұмылдырылды. Өрт Талица ауылының шығыс жағынан далаға қарай таралып, кейін сөндірілді», – дейді ТЖ министрлігіндегілер.

ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіруде.

ТЖМ және ТЖД жанынан қауырт желі жұмыс істеп тұр: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.

Абай облысындағы алапат орман өрті 8 маусымда басталды. Бүгінде жалын 60 мың гектардан астам алқапты шарпыған.

Тілсіз жау «Семей орманы» резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерінің өмірін қиды. Орманшылар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусым – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

two + eleven =

x
2024-02-29
Утром-17.76 ℃
Днем-5.55 ℃
Вечером-8.24 ℃
Ночью-12.96 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра1.45 м/с
2024-03-01
Утром-14.23 ℃
Днем-3.92 ℃
Вечером-7.31 ℃
Ночью-11.95 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра1.19 м/с