БҚО оқушысы бірден бірнеше жоғары оқу орындарына «жарылғыш зат қойылғаны» туралы жалған хабарламасы үшін сотталды

Оған бас бостандығын 6 айға шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Көрнекі сурет

Өткен жылдың мамыр айында Ақтөбеде полиция департаментінің электронды мекен-жайына жоғары оқу орындарының ғимараттарына қойылған жарылғыш құрылғылар туралы хабарламалар келіп түсті. Аталған мекенжайларға барлық шұғыл қызметтер, саперлер, иттерімен кинологтар жіберілді. Қызметкерлер мен оқушылар эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында БҚО мектептерінің бірінің 10-сынып оқушысын анықтады. Оқушы бәрін мойындады. Полицейлер оның компьютерін тәркіледі.

Ол осындай электрондық хатты Көкшетауға үш сот ғимаратын «жару» туралы жібергені анықталды. Осы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі ауданаралық сотының судьясы үкім шығарды, онда жасөспірім кінәлі деп танылды. Бас бостандығын 6 айға шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Дереккөз: Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-12
Утром1.65 ℃
Днем4.75 ℃
Вечером4.63 ℃
Ночью1.84 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра6.32 м/с
2024-10-13
Утром-1.6 ℃
Днем5.61 ℃
Вечером4.64 ℃
Ночью1.85 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра6.65 м/с