БҚО-да сынақ полигонынан зардап шеккендер қандай көмекке іліге алады – ДСБ жауабы

БҚО-дағы Денсаулық сақтау басқармасы ядролық полигондардан зардап шеккен өңір тұрғындары тегін ем-дом ала алмайтындығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Сурет: akorda.kz

ҚР ДСМ 07.10.2020 ж. №116 «Медициналық оңалту шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес медициналық оңалту көмегі қарастырылатын аурулардың тізімі бекітілді.

«Жаңақала ауданының оңалту орталығы кардиологиялық, травматологиялық, неврологиялық, пульмонологиялық бейіндегі науқастарға стационарлық деңгейде оңалтудың үшінші кезеңін ұсынады. Аурулардың тізбесінде «Капустян Яр», «Азғыр» полигондарына іргелес жатқан елдімекендерде тұратын адамдар санаты енбеген. Осыған байланысты аталған санаттағы тұлғаларды оңалту орталығына жолдау мүмкін емес»,- деп жазады БҚО бойынша ДСБ баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылға дейін аталған санаттағы азаматтар бұл көмек түрін алып келген. Егер осы елдімекендердің азаматтарында жоғарыдағы ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес аурулар анықталып жатса, онда олар тіркелген жері бойынша сауықтыру үшін жолдамамен аталған орталыққа жіберілетіні де нақтыланады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: БҚО тұрғындары оңалту орталығында емделуді жеңілдетуді сұрайды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с