Оралда жаңа модульдік градирня іске қосылды

Орал қаласындағы Жылу электр орталығында жаңа блокты-модульдік градирняның салтанатты ашылуы өтті.

Мамандардың айтуы бойынша турбоагрегат пен градирняны қайта құру жобалары қаланың жылу электр орталығын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда градирняны қайта жаңарту толық аяқталған. Қондырғыны ауыстыру өндірілетін электр энергиясын 12 МВт ұлғайтуға мүмкіндік берді, ал жалпы электр энергиясын өндіру 58 МВт құрайды. Градирняның іске қосылуы Жайық өзенінен жылу электр орталығының қажеттілігіне пайдаланылатын техникалық судың көлемін азайтады, сонымен қатар, жылу-алмасу суларын Жайық өзеніне кері жіберуді тоқтатады.

Бүгін «Жайық жылу қуат» АҚ мекемесінің жұмысшылары мен қала тұрғындары үшін қуанышты күн. Көптен күткен жоба іске қосылғалы тұр. Мекеме облыс және қала тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған бірден бір мекеме. Бүл жобаны іске қосу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 6 млрд қаржы бөлінді. Турбогенератор мен градирняның іске қосылуы қысы-жазы үздіксіз жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның үздіксіз жүмыс жасауына атсалысып отырған барлық жұиысшыларға алғыс білдіремін, – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты шараның ашылуында.

Орал ЖЭО Жайықтан турбиналарды салқындату үшін алатын су көлемін екі есе дерлік азайтады. Фото: unsplash

Анықтама:1953 жылы – Жылу электр орталығының құрылысы басталған.

1960 жылы 22 желтоқсан – алғашқы 12 МВт турбоагрегат жұмысқа қосылған.

1961 жылы 2 қаңтарда – № 2 қазандық,

1961 жылы желтоқсанда – № 3 қазандық қатар іске қосылған.

1966-67 жылдары – № 4 және №5 қазандық агрегаттары орнатылған.

1969 жылы желтоқсан – қуаты 12 МВт №3 ст.турбоагрегаты орнатылған.

Оралдағы Жылу электр орталығын техникалық сумен жабдықтау көзі – Жайық өзені.

Қазіргі уақытта Жылу электр орталығын техникалық сумен жабдықтау жүйесі Жайық өзенінен су ала отырып, тікелей ағынды схема бойынша жұмыс істеп тұр.

Салқындату мұнарасы деп аталатын жаңа қондырғыны салу және станция турбиналарының бірін жөндеу үшін бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером26.42 ℃
Ночью20.88 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.33 м/с
2024-09-10
Утром17.97 ℃
Днем27.58 ℃
Вечером26.29 ℃
Ночью21.73 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.28 м/с