Қаржыгер ставкаларды төмендетіп, коллекторлардың жұмысын қайта қарауды ұсынады

Қаржыгер Расул Рысмамбетов Астанадағы банктердің біріндегі кепілге алу оқиғасына қатысты пікір білдіріп, банктер мөлшерлеме шарттарын қайта қарауы керектігін айтты.

Ашық дереккөзден

Сарапшы Астанадағы төтенше жағдай Қазақстан банктеріне жасалған белгі деп есептейді.

«Астанадағы Kaspi Bank филиалындағы адамдарды кепілге алу банктердің мөлшерлемелерді төмендете бастауы тиістігін аңғартты. 50% жақсы емес. Жаңадан берілген несиелер бойынша мөлшерлемелерді қайта есептейік. Дегенмен, коллекторлардың қызметін қайта қарау керек. Мұның бәрі жинақталған ашу-ызадан болып отыр. Адам шығыны болмағанына шүкір дейік», – деді ол.

Осыған дейін қазақстандық банктердің өз мүдделерін лоббирлеуге қол жеткізгені хабарланған болатын. Бұл ақпаратты Bloomberg жариялады. Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі өткен жылы ставканы 56 пайыздан 44 пайызға дейін төмендетпек болған. Бірақ кейін елдің жоғарғы органдарынан қоңыраулар түсіп, ұсыныс кері қайтарылған-мыс.

“Қазақстандық ірі қаржылық лоббистік топ жұмыс күшінің басым көпшілігіне ұнайтын кепілсіз несиелерге анағұрлым төмен шек қою әрекетінің жолын кесті”, – дейді мәселемен таныс адамдар.

Еске салайық, 1993 жылы туған Әлихан Мұрадов Астанада банкке шабуыл жасаған. Келіссөздер екі сағаттан аспады, содан кейін арнайы жасақ шабуылды бастады. Кепілдегілердің барлығы босатылды, басқыншы ұсталды.

Толығырақ министр Ахметжанов айтып берді. Басқыншы банктің барлық активтерін мүгедек балалар, кедейлер мен мұқтаждарға арналған қорларға аударуды талап етті.

Сонымен қатар, басқыншының банктік несиелер бойынша біраз қиындықтары бар деген нұсқа бар.

Оқиға орнында полиция мен арнайы жасақ болды. Жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды.

Айта кетейік, Kaspi иелері Владимир Ким мен Михаил Ломтадзе. Біріншісінің жағдайы 3 600 000 000 долларға бағаланады.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

16 + six =

x
2024-03-05
Утром-10.48 ℃
Днем-5.27 ℃
Вечером-7.81 ℃
Ночью-12.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра2.49 м/с
2024-03-06
Утром-11.43 ℃
Днем-4.81 ℃
Вечером-5.71 ℃
Ночью-6.27 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра2.8 м/с