Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген

Мемлекеттік органдар бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасап, нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сәйкес келмейтін 10 108 талап анықталды.

Бұл туралы үкіметте өткен жиында айтылды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерге қойылатын негізсіз талаптарды жоюға арналған заңнамалық актілерге 386 түзетуден тұратын бірыңғай пул қалыптастырылған. Жақын арада оларды Парламенттегі Бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасына (9 пакет) қосу жоспарланып отыр.Сонымен қатар мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілерге сәйкес талаптардың күшін жоюды және қайта қарауды іске асыруда.

Премьер-Министр реттеуші талаптардың күшін жоюға немесе оларды қайта қарауға бағытталған заңға тәуелді актілер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті: 625 құқықтық актінің 513-і қабылданды. Сонымен қатар 112 құқықтық акті бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Осы орайда Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне аталған жұмысты 30 маусымға дейін аяқтауды тапсырды.

«Салалық бұйрықтар белгіленген мерзімде қабылданбаған жағдайда, Үкімет Аппараты саяси мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тиісті ұсынымдар енгізсін», — деді ол.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында былтыр бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 бағытын автоматтандыру ісі аяқталып, қазіргі таңда тағы 35 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Автоматты функционалдығы бар Smart Data Ukimet платформасы пайдалануға дайын. Ол қазіргі уақытта жұмыс апробациясынан өтуде.Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылдан бастап іске қосылады.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-04
Утром-3.48 ℃
Днем-0.15 ℃
Вечером-2.08 ℃
Ночью-2.8 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.96 м/с
2024-12-05
Утром-4.23 ℃
Днем-0.77 ℃
Вечером-2.88 ℃
Ночью-3.68 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.27 м/с