Мұғалімдердің сайлау жұмыстарына қатысуын шектеу ұсынылды

Мәжілістегі «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшелері мұғалімдерді сайлауға тартпауды ұсынды.

«ОА» мұрағатынан

Мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Гауһар Танашева вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында мұғалімдердің сайлауға қатысу мәселесін қозғады.

Ол 2022-2023 жылдары елімізде 3 ірі сайлау науқаны – референдум, президент сайлауы және парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өткенін еске салды.

«ОА» мұрағатынан

«Біздің мұғалімдер осы сайлаулардың барлығына қатысып, уақытын дайындыққа, сайлауды өткізуге және нәтижелерді есептеуге арнады. Қазақстанның Еңбек кодексінде, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарда мұғалімдердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстармен айналыспауы керектігі айтылған. Алдағы уақытта мұғалім мәртебесін төмендетпей, лайықты құрметті ұстаздық кәсіпті сақтап қалғымыз келсе, мұғалімдерді сайлауға тартпау мәселесін көтеруіміз керек», – деді Танашева.

Осыған байланысты депутаттар мұғалімдердің сайлауға қатысуын шектеуді, мектеп ғимараттарында сайлау учаскелерін орналастырмауды және мұғалімдерді сайлау комиссияларының құрамына қоспауды ұсынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-14
Утром-3.3 ℃
Днем-1.99 ℃
Вечером-7.33 ℃
Ночью-7.62 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра4.9 м/с
2025-01-15
Утром-6.59 ℃
Днем-3.14 ℃
Вечером-3.24 ℃
Ночью-2.92 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.98 м/с