БҚО-да соңғы 3 күн ішінде 159 көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды

БҚО-да 19-25 маусым аралығында “Заңсыз келуші – 2023” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара басталғалы 3 күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 159 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 85 шетелдік азамат республика аумағында болуы ережесін бұзған, ал 63 ҚР азаматы шетелдіктерді қабылдап, уақытында полиция қызметкерлеріне хабарлама түсірмеген. Қазақстан республикасының 63 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 11 облыс азаматы анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 22 шетелдік азаматтар қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Сот шешімімен, елден тыс жерге тіркеу мерзімі өтіп кеткен 9 шетелдік азамат мәжбүрлі түрде шығарылды.

Іс-шараны өткізу барысында БҚО ПД полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып 2 жылдан астам уақыттан бері Атырау облысында визасыз тұрған және құрылыс алаңдарында жұмыс істеген Түркия елінің 48 жастағы азаматын анықтады. Ол бірнеше күн бұрын Орал қаласына тойға келген кезде ұсталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ел аумағынан шығару туралы соттың шешімі шығарылды.

Орал қаласында ішімдікке масаң күйде болған Ресей Федерациясы азаматтарының басқаруындағы 2 автокөлік тоқтатылды. Оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-16
Утром-2.41 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.3 ℃
Ночью-10.44 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.45 м/с
2025-02-17
Утром-14.78 ℃
Днем-9.85 ℃
Вечером-12.38 ℃
Ночью-15.36 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.75 м/с