Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерден бюджетке 1,2 млн теңге өндірілді

Әдеп жөніндегі кеңеспен 29 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсаловтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, өңірде барлығы 413 мемлекеттік органда 3 530 штат саны (2 211-і әкімдіктерде, 1 319-ы орталық меморгандардың бөлімшелерінде) бар.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 3 401 мемлекеттік қызметші

(әкімдіктерде – 2 130, орталық меморгандардың бөлімшелерінде – 1 271) өз қызметтерін атқаруда.

Бос лауазымдар саны 146 болса, соның 74-і әкімдіктерде, 72-сі орталық меморгандар бөлімшелерінде.

Жыл басынан бері 212 адам әкімшілік мемлекеттік қызметке тағайындалды.

Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметте әйелдердің саны басымырақ (1 981 немесе 58,2 пайыз), ерлер – 1 420 немесе 41,8 пайыз.

Сондай-ақ 16 зейнеткер еңбек келісімі негізінде жұмыс істеп жүр. 105 мемлекеттік қызметші зейнеткерлік жасқа жақындаған.

Облыс бойынша 3 092 қызметшінің жоғары білімі бар. Ал 309 адам орта білім және орта кәсіптік білім алған.

14 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірсе, 10-ы – «Болашақ» бағдарламасының түлектері, 65 адамның шетелдік білімі бар.

«Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік этика нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша 36 ұсынымды облыстың мемлекеттік органдарына жолдап, оның барлығы орындалды. Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін 4 лауазымды тұлғаға тиісінше тәртіптік жаза қолданылды. Сол секілді департаментпен 29 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 99-бабы – 28, 154-бабы – 1), айыппұл ретінде бюджетке 1,2 млн теңге өндірілді. Жыл басынан бері заңнаманы бұзғаны үшін 15 тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деді М.Байсалов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-09
Утром15.6 ℃
Днем17.31 ℃
Вечером14.35 ℃
Ночью13.08 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра4.8 м/с
2024-10-10
Утром11.48 ℃
Днем15.59 ℃
Вечером12.37 ℃
Ночью10.18 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра8.9 м/с