Қазақстанда алауыздық тудырғаны үшін қолданылатын бап өзгертіледі

Бүгін сенаторлар интернет-платформалар мен интернет-жарнама туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар, онда Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Аталған заң жобасы бойынша, Қазақстандағы онлайн-платформалардың иелері мен заңды өкілдері азаматтың өміріне немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз контент анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті. Уәкiлеттi орган ұйғарымы бойынша, балаға қарсы киберқорқыту деп танылған заңсыз мазмұнды, ақпаратты орналастыратын және тарататын парақшалардың елiмiздегi қызметi тоқтатылады.

ҚР Қылмыстық кодексіне әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тек немесе діни араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін баптарды, оларды қолданудың қосымша негіздеріне өзгерістер енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік тілді онлайн платформалардың интерфейстеріне міндетті түрде біріктіру қарастырылған. Бұл әлеуметтік желі алгоритмдеріне онлайн платформалардағы заңсыз контентті және қазақ тіліндегі контент модерациясын қадағалауға мүмкіндік береді.

Заң жобасы онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін олардың беттерінде орналастырылатын онлайн-жарнаманы, оның ішінде демеушілік мәтіндік контентті, графикалық және өзге де белгілердің көмегімен сәйкестендіру және таңбалау жөніндегі міндеттемелерді белгілейді.

«Заңның қабылдануы азаматтардың ақпарат алу және тарату құқықтарын жүзеге асыру үшін қауіпсіз интернет-ортаны құруға, онлайн платформалар мен пайдаланушылар арасында тиімді кері байланысты орнатуға, Қазақстандағы онлайн-жарнаманы құқықтық реттеуге, экономикалық қызметтің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Онлайн платформалар, мемлекеттік тілдегі интерфейсті дамытуды ынталандыру, отандық контент өндірушілерді қолдау болып саналады», – деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Дереккөз: Тengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал тұрғынына қатысты ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін тергеу басталды

Оралда сепаратизм және ұлттық алауыздықты қоздырды деп айыпталған адам Ресейге қашып кетті

Орал тұрғындары интернеттегі сепаристік сөздері үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Оралды Ресейге беру керек деп мәлімдеген БҚО тұрғындарына қатысты «Араздықты қоздыру» бабы бойынша тергеу басталды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром23.42 ℃
Днем28.95 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с