Заңсыз иемделген активтер туралы заң: неліктен бірде-бір фамилия аталмады?

Сенат депутаттары бүгін «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Фото Ulysmedia.kz

Қанша отырыс өткізіп, қаншама миллиардтар туралы айтылғанымен, неліктен осы күнге дейін бірде-бір фамилия аталмады? Бұл сұрақ заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі заң жобасын әзірлеуге қатысқан депутат, заңгер Абзал Құспанға қойылды.

“Оны құқық қорғау органдарынан сұрау керек. Мен комиссия мүшесі емеспін, прокуратура өкілі де емеспін. Бұл мәселені мен ең бірінші депутаттық сауалымда сын ретінде көтергем. Біздің қоғам неге сенімсіздік білдіріп отыр? Өйткені ешкімнің аты-жөні аталып жатқан жоқ, ақша түсіп жатыр дейді, ол қай компаниялардан түсіп жатыр, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма деген сұрақтарды көтерген болатынмын. Осы заңға бастамашы болғандардың бірі ретінде ашықтыққа баса көңіл бөліп отырмыз. Комиссия құрамына депутаттарды енгізу мәселесін депутаттық сауалымда тікелей қойдым. Өйткені бәрі – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары. Бұл дұрыс емес. Олар ашық емес, жоғары жаққа тәуелді, артық қадамға бармайды”, – деп жауап берді депутат.

Сонымен қатар, Қазақстан билігі заңсыз шығарылған активтерді қайтару амалының неліктен қудалау емес, азаматтық жолын таңдады? деген тілшісінің бұл сұрағына осы заңды әзірлеуге қатысқан депутат, заңгер Абзал Құспан былай жауап берді.

Депутаттың айтуынша, 9 маусым күні Венеция комиссиясының отырысы болған.

«Оның қаншалықты маңызды екенін мына бір жағдаймен түсіндірейін. Мысалы біздің елден Венеция комиссиясының мүшелігіне 4 жылға тағайындалған Үнзила Шапаққызы (заң ғылымдарының докторы, профессор) президенттің жарлығымен сол жаққа барған. Әлем бойынша заңгерлер жиналып, әрбір елдердің маңызды деген заңдарына ол комиссия анализ жасайды», – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанға дейін Грузия мен Украинаның дәл осындай заңдары (заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң) шыққан. Олар басымдықты қылмыстық жауапкершілікке қойған. Алайда 9 маусымда екі елге де Венеция комиссиясы теріс қорытынды берген.

«Үнзилә Шапаққызы Еуропадағы комиссия «Абзал айтқаныңыз дұрыс екен, қылмыстық емес, азаматтық жолға басымдық бергеніміз дұрыс жол екен» деп келді. Украина мен Грузияға теріс қорытынды берген кезде «мемлекеттің заңсыз активтерді қайтару бағытындағы жұмыстары дұрыс, бірақ адам құқығы бәрінен жоғары тұруы керек» деген. Венеция комиссиясының Қазақстанға күші жоқ деуіңіз де мүмкін. Бірақ біз осы өтінішпен ертең Еуропаға барамыз. Олар біздің Парламент қабылдаған заңға қарамайды. Ал Венеция комиссиясында бұл үлкен кедергі болар еді», – дейді заңгер.

Депутаттың айтуынша, азаматтық жол деген «қол жайып, сұрау емес». Ол жерде де мәжбүрлеу шаралары іске қосылады.

«Біздің заңымыз Венеция комиссиясының алдына баруы керек. Егер олар оң қорытынды беретін болса, Еуропадағы біз баратын банктер, түрлі заң орындары бар – оларға көмектесіңіздер деген сигнал болады», – дейді ол.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-19
Утром8.35 ℃
Днем20.01 ℃
Вечером19.14 ℃
Ночью16.33 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.27 м/с
2024-09-20
Утром12.13 ℃
Днем19.86 ℃
Вечером17.23 ℃
Ночью16.21 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.8 м/с