Қостанай облысында Украинадағы соғысқа қазақстандықтарды тарту әрекеті тіркелді – прокуратура

Прокуратура арандатушылық сөздер мен үндеулерге берілмеуге шақырды.

Фото ©РИА Новости

Қостанай облысының прокуратурасы соңғы уақытта әлеуметтік желіде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдардың көп жариялануына қатысты азаматтарға үндеу жасады.

Ведомство жазбалардың кейбірі Қазақстан азаматтарын қақтығысқа қатысуға шақырып қана қоймай, қасақана арандатушылық сөздермен және екі тарап азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар жалған ақпаратты қоса тарататынын мәлім етті.

«Әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары еліміздің аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер орналастырып жатыр. Сонымен қатар біздің облыс аумағында Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысу үшін Ресей Федерациясының аумағына жергілікті тұрғындарды іріктеу әрекеттері тіркелді. Бұл әрекеттерге Қазақстан Конституциясымен, біздің ел қатысушы болып табылатын жалпыға бірдей танылған халықаралық-құқықтық құжаттармен тыйым салынған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған орган азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде осындай арандатушылық сөздер мен үндеулерге берілмеуге шақырды.

«Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысуы, сол сияқты ұлттық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмаушылық пен бөлінбеушілікті бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер (ҚР ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) болып табылатынын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын түсіндіреміз», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, мұндайға жол бергендерге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Дереккөз: Qaz365.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

eighteen − 12 =

x
2024-03-03
Утром-14.95 ℃
Днем-6.87 ℃
Вечером-8.97 ℃
Ночью-14.12 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.09 м/с
2024-03-04
Утром-17.05 ℃
Днем-7.46 ℃
Вечером-9.49 ℃
Ночью-14.07 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.31 м/с