Ақсайда бұршақ жауып, бау-бақшаны талқан етті
Нөсер болып, көлемі үлкен бұршақ жауды.

«Қазгидромет» РМК 2 шілдеде Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжаған еді. Синоптиктер қателеспеді, бүгін түсте Ақсай қаласында күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жаңбырмен бірге бұршақ жауды.
«Найзағай қаланың ескі бөлігінен жарқылдап басталып, содан соң оңтүстікке және ықшам аудандарға қарай ойысты. Нөсер жаңбыр шелектеп құйып, арасында бұршақ түсті», — деді қала тұрғындары.

Бұршақ қияр, асқабақ сынды көк-сөктің жапырақтарын жапырып өткен.
