БҚО-да газ тарифі 1,3 теңгеге қымбаттады
1 шілдеден бастап халық үшін газдың құны текше метр үшін 20,06 теңгеге болды.
Халық үшін газ тарифінің бұрынғы бағасы 18, 80 теңгені құрады.
«Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ хабарлағандай, халық үшін газ тарифі орташа есеппен 20% — ға-18,80-ден 20,06 теңгеге дейін қымбаттады.
Тұтынушылар топтары бойынша газ тарифтерінің бағасы 1 шілдеден бастап:
ҚҚС-ты ескере отырып, 1 текше метр үшін тауарлық газдың бағасы
– Халық үшін-20,06 теңге
– Атаулы немесе тұрғын үй әлеуметтік көмек алатындар үшін-16, 05 теңге
– Бюджеттік ұйымдар үшін-24,03 теңге
– Басқа заңды тұлғалар үшін-23,86 теңге
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығы бойынша елдің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде қосылған құн салығын есептемегенде тоннасына 40 320,00 теңге мөлшерінде ұлғайды.
Сондықтан еліміздің әр өңірінде газ тұтынушылары үшін тариф бағасы өсті.
Айта кетейік, егер ҚР әр облысында газ тұтынушылары үшін жаңа тариф 1 теңгеден 3 теңгеге дейін көтерілсе, онда АГҚС-тың бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 4-6 теңге шегінде көтерілді.
Мария ДРАЧЕВА