Қазақстанда БЖЗҚ-дан жерлеуге төленетін төлем 324 300 теңгеге дейін ұлғайтылды, бірақ оны алушылар ауқымы шектелді
Енді мұндай төлемді қайтыс болған адамды жерлеген, бірақ оның отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар ала алмайды.

Қазақстанда қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары есебінен жерлеуге төленетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды БЖЗҚ.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап жерлеуге біржолғы төлем мөлшері 41,6 АЕК-ке өсті.
«БЖЗҚ-да, ЕЖЗҚ – да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен 94 еселенген АЕК (2023 жылы 324 300 теңге) мөлшерінде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан артық емес», – делінген хабарламада.
Бұрын төлем мөлшері 52,4 АЕК (2023 жылы 180 780 теңге) болған.
Алайда, қазір мұндай төлемді қайтыс болған адамды жерлеген, бірақ оның отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар ала алмайды.
Сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем көзделген. Ол қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді. Мемлекеттік төлем мөлшері 15,7-ден 35 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2023 жылы-120 750 теңге).
Егер қайтыс болған адам Ұлы Отан соғысының ардагері болса, бұл төлем 36,6 АЕК (126 270 теңге) құрайды.
Дереккөз: Іnformburo.kz