БҚО-дағы бір ауылда адамдар түсініксіз жағдайда «жаппай көз жұмып жатқаны» рас па

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жазба жариялап, Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында адамдар «жаппай көз жұмып жатқанын» дабыл қағып жеткізді. Ол ауыл адамдары түсініксіз жағдайда о дүниелік болып жатқанын айтады.

Сурет: pixabay

Жазба авторы Facebook-тегі парақшасында Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылында соңғы 10-15 күн ішінде оншақты арыстай, шауып жүрген азаматтар аяқ астынан дүние салғанын, көбісі белгісіз жағдайда, диагнозы анықталмаған күйде өмірде озғанын, олардың көпшілігі 50-ге толмаған жастар екенін жазады.

«Бұл жағдай қалайша ешкімді алаңдатпайды? Облыс орталығынан 600 шақырым жерде тұрамыз, жол жағдайымыз нашар. Осыған орай да болар, медициналық тексеруден тыс қалып жатқанымыз. Ауылда мал қырылды десе, тексеру, оңалту жұмыстарын жүргізеді, ал адамдардың белгісіз өлімі ше…», делінген шындық іздеп шырқыраған жазбада.

Алайда денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сарапшылар жазбадағы статистика толығымен шындыққа сәйкес келмейтінін нақтылайды.

2022 жылдың осы кезеңінде аталған ауылда 13 адам қайтыс болған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Құлбарақова 2023 жылдың басынан бері бұл ауылда 14 адам қайтыс болғанын және өлімнің себептері анық екенін айтады.

«Біреуінде ұйқы безінің қатерлі ісігі, екіншісінде асфиксия болды, тамақтану кезінде тұншығып қалған. Тағы біреуі Атырауда қайтыс болған. Тағы біреуі Ресейде тұрып жатқан, наурыз айында ауылға келеді. Жол апатынан тағы бір адам қаза тапты, оның бас сүйегі сынған. Үшеуі жүректің созылмалы коронарлық артерия ауруымен ауырды. Біреуінде бауыр циррозы болды, екіншісі қан қысымы мен қант диабетімен есепте тұрған, үнемі дәрі-дәрмек қабылдайтын. Алайда ол дәрігердің ұсынымдарын орындамаған, оның үстіне алкоголь тұтынысынан кейін облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, емделіп жатты, бірақ 30 маусымда медициналық мекемеде қайтыс болды»,- деді Айгүл Құлбарақова.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером20.75 ℃
Ночью18.71 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с