Оралдық оқушының зорланғаны туралы істе бесінші күдікті пайда болды

Оралда 13 жастағы оқушы қыз зорланған еді. Соған қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Дәлірек тағы бір бесінші күдікті пайда болды.

ФОТО: kzvesti.kz

«Оқиға 12 маусымда, яғни 9-сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні болған. 16 және 17 жастағы жасөспірімдер 13 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Тергеушілердің мәліметінше, олар қызды пәтерге алаяқтықпен кіргізген. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға жалдамалы пәтерде болған. Қорғансыз қызды жәбірлегендер – 9 және 10-сынып оқушылары мен бір студент. Қыз бала жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты, соның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлапты. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі тіпті үш рет сотталған»,- деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен бүгін мәлім еткеніндей, күдікке тағы бір жас жігіт ілікті.

«Бұл күдікті кәмелетке толған. Алдын ала мәлімет бойынша ол қылмыс жасалған пәтерді жалға алған. Бесінші күдікті де уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, сот санкциясымен екі айға қамалды. Тергеу жорамалы бойынша қызды пәтерге алдап шақырған. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с