Газбен жүретін көлікті техбайқаудан өткізу қиын. Аймақтарда тіпті мүмкін емес

Қазақстанда газ баллон тексеретін жеті орталық қана бар.

Заң бойынша газ баллон орнатқан автомобильді техникалық тексерістен өткізер алдында иесі арнайы зертханада газ жабдығын тексертіп, сынақтан өткені туралы куәлік алуы қажет. Машина содан кейін ғана техникалық тексерістен өтеді, техбайқау кезінде көліктегі ГБҚ нөмірі мен куәліктегі нөмірді салыстырып тексереді.

Билік бұл ережені бекітіп, жариялаған, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұрды. Себебі елімізде газбен жүретін машинаны тексеретін зертхана жетіспейді. Содан бері ондай машинаның техникалық жағдайын көлік иесі өзі бақылауға міндетті болды.

Құжатта көрсетілген 2023 жылдың 1 шілдесі өтті. Енді көлік тексеретін орындар жоғарыда аталған куәлігі жоқ ГБҚ орнатқан машиналарды техбайқаудан өткізуден бас тартады.

Мұндай машина мініп жүрген тұрғындар не істейді?

Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Kolesa.kz редакциясына хабарлағандай, қазір елімізде газ баллон тексеруге рұқсаты бар жеті зертхана ғана жұмыс істеп тұр. Бұл өте аз.

Ол орталықтар мынадай мекенжайда орналасқан:

1. «Өрт қауіпсіздігі» ЖШС, Ақтөбе қ-сы
Ақтөбе қ-сы, Т. Жүргенов к-сі, 58, 3-кеңсе
Тел./факс: 8 (7132) 24-95-80, 41-67-95, 41-37-20
pozh_zashita_lab@mail.ru
2. «Ltd Қауіпсіздік орталығы» ЖШС, Ақтөбе қ-сы
Ақтөбе қ-сы, Жамбыл к-сі, 178
Тел. +7 (701) 303 43 47
cbltd@mail.ru, altynaiuumurzakova@gmail.com
3. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының инспекция органы, Қостанай қ-сы
Қостанай қ-сы, Карбышев к-сі, 46
Тел.: +7 (777) 243 16 90, +7 775 571 55 57
kostanay@naceks.kz, cto.aonaceks@mail.ru, http://www.naceks.kz
4. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының инспекция органы, (НаЦЭкС), Ақтау қ-сы
Ақтау қ-сы, 1-шағынаудан, 32-ғимарат, нақты адрес: Ақтау қ-сы, өнеркәсіп аумағы 9, № 34 ғимарат
Тел.: +7 (776) 128 01 27, +7 775 598 50 94,
aktau@naceks.kz, kalymbetov_80@mail.ru, smk.naceks@mail.ru
5. KAZAUTOCERT ЖШС, Алматы қ-сы
Алматы қ-сы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 76а
Тел.: +7 (701) 710 32 77, +7 707 851 01 25
kazautocert777@gmail.com, 5874@kazautocert.kz
6. «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» ЖШС Алматы-Стандарт», Алматы қ-сы
Алматы қ-сы, Алатау ауданы, Мәдениет шағынауданы, Сүйінші к-сі, 1
Тел.: +7 (701) 730 75 15, +7 (747) 495 38 32
almaty-standart@mail.ru, a.bairamgeldikizi@bk.ru
7. «NDT Инжиниринг» ЖШС, Астана қ-сы
Астана қ-сы, Алматы ауданы, Ш. Құдайбердев к-сі, 28-66
Тел./факс: 8 (7172) 62-55-17, 8 777 1000 758
ndtastana@mail.ru

Тағы бірнеше зертхана аккредитация алуға дайындалып жатыр.

Демек ГБҚ тексеретін зертханасы жоқ өңірдегі жүргізушілер көршілес қалалар мен облыстарға баруға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдайда техбайқау мерзімі өтіп кетпеу үшін ертерек қимылдауға тура келеді. Өйткені елімізде техникалық тексерістен өтпеген автомобильмен жолға шығуға тыйым салынады.

Бұған дейін ҚР ІІМ елімізде газбан жүретін 350 мыңнан аса машина бар екенін әрі олардың күн сайын көбейіп келе жатқанын хабарлаған. Полиция мәліметінше газбен жүретін көліктерде өрт саны артып келеді. ІІМ мұндай апатқа ГБҚ орнатқан кей машинада артық қысым клапанының болмауы себеп болатынын айтады. Баллонды 85 %-дан асырып толтырса, температура көтерілген кезде газ көлемі артып, жарылыс болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-16
Утром12.92 ℃
Днем20.82 ℃
Вечером21.14 ℃
Ночью14.83 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра4.66 м/с
2025-05-17
Утром12.36 ℃
Днем21.78 ℃
Вечером19.43 ℃
Ночью15.67 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.44 м/с