Оралдағы ақылы жағажайларда демалу үшін қанша қаражат керек?

Бір отбасына шамамен 20 мыңдай.

Бүгінгідей 40 градус ыстықта кез келген адам суға жақынырақ болғысы келеді. «ОА»тілшісі қаланың ақылы жағажайларында болып, ақылы жағажайларда демалу қанша тұратынын білді.

Желаево кентінің маңындағы «Карьер» көліндегі «Сая» жағажайына ересектерге кіру 1 000 теңгені, 5-10 жас аралығындағы балаларға – 500 теңгені құрайды.

Көлеңкелі шатыр тегін, киім ауыстыратын бөлме бар.

Жағажайда үйді сағатына 8000тг, 12-30 орындық тапшан 3000-4000тг/сағ, кәуап пісіргіш 2500тг/2 сағатқа және қазан 3500тг/2 сағатқа жалға алуға болады. Кәуап пісіруге арналған орын бар, оған өз жабдықтарымен кіруге рұқсат жоқ.

Алкоголь өнімдері жағажай ішіндегі кафелерде сатылады, сондықтан оларға өздерінің алкогольмен кіруге болмайды. Алайда тамақ пен сусындарды жағажайға апаруға тыйым салынбайды.

Жағажай кафесінде келушілер кәуап жей алады, бірақ бағалары тым қымбат. Тауық етінен жасалған кәуап порциясы – 2490тг, қой еті – 2990тг, үйрек – 2790тг, люля-кебаб – 2490тг, грильдегі көкөністер – 1490тг.

Жағажай аумағында балалар батуты бар, оның жарты сағаты 1000 теңге тұрады.

«Family Park» жағажайында кіру абонементі 1000 теңге, 3 жасқа дейінгі балаларға – тегін, мүгедек адамдарға жеңілдіктер бар. Абонементке күнге қыздырыну орны, азиялық үстелдерді, душ бөлмесін, киім ауыстыратын бөлмені және ойын алаңын пайдалану кіреді.

Жағажай аумағында сіз 1500тг/сағатына самалжай күркені және үрлемелі шеңберлерді жалға ала аласыз-500тг депозит/500тг төлем.

Мұнда сусындар мен тағамдармен кіруге рұқсат етіледі. Жағажай ішіндегі кафеде тек кәуап пен алкогольсіз сусындар сатылады. Тауық етінің кәуабы 1800тг, шошқа етінен 2100тг тұрады.

«Бір отбасына шамамен 20 мыңдай» – біз осы жағажайларда демалу шығындары туралы сұраған демалушылар өз шығындарын осылай бағалады.

Мұндай демалысты сіздің қалтаңыз көтереме? Сіз бұл ыстықта қалай демаласыз?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.67 ℃
Ночью18.01 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с