Қазақстанда қандай банктер тарату сатысында?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда таратылу сатысында тұрған банктердің тізімін жасады.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.

Салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бойы тарату рәсімінен өтіп жатқан 9 банк, олар:

  • 2006 жылғы 26 желтоқсанда лицензиясынан айырылған «Валют-транзит банк» 2007 жылғы 1 наурыздан бастап тарату процесінен өтіп жатыр;
  • «Қазинвестбанк», 2016 жылғы 27 желтоқсанда лицензиясы қайтарылып алынды, 2018 жылғы 24 қаңтардан бастап тарату жүріп жатыр;
  • Delta Bank, 2017 жылғы 3 қарашада лицензиясы алынған, тарату 2018 жылғы 25 сәуірден бастап жүргізіліп жатыр;
  • «Эксимбанк Қазақстан», 2018 жылғы 28 тамызда лицензиясынан айырылды, тарату процесі 2019 жылғы 16 қаңтардан бастап жалғасып жатыр;
  • «Астана Банк», 2018 жылғы 19 қыркүйекте лицензиясы алынды, тарату процесі 2019 жылғы 9 қаңтардан бастап жалғасып жатыр;
  • Qazaq Banki, 2018 жылғы 28 тамызда лицензиясы алынған, тарату процесі 2018 жылғы 12 желтоқсаннан бастап жалғасып жатыр;
  • Tengri Bank лицензиясынан 2020 жылдың 18 қыркүйегінде айырылған, тарату процесі 2021 жылдың 15 ақпанынан бері жалғасып жатыр;
  • AsiaCredit Bank лицензиясынан 2021 жылдың 12 ақпанында айырылған, тарату процесі 2021 жылдың 22 шілдесінен бері жүріп жатыр.

«Ашық НҚА» порталында 26 шілдеге дейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат талқыланып жатыр. Ол банктердің қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілеттіктеріне қатысты екені айтылған болатын.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром26.37 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с