Батыс Қазақстанда бірнеше дала өрті сөндірілді

Өңірімізде 100 гектардан аса жер өртке оранды.

© Photo : Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Батыс Қазақстан облысында бір күнде бірнеше дала өрті сөндірілді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 9 шілде күні сағат 15.17-де Бөрлі ауданы Ақсу ауылынан 6 шақырым жерде Суықбұлақ арнасы маңында құрғақ шөп өртенді.

«46 гектар аумақты қамтыған тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен бірге орман шаруашылығы мекемесі, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 38 адам, 8 техника жұмылдырылды. Өрт 21.30-да оқшауланып, 22.41-де сөндірілді. Сондай-ақ бүгін сағат 13.26-да Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі «Аяқ» су қоймасы маңында 25 гектар құрғақ шөп отқа оранды. Бұл өрт те 36 адам, 6 техниканың қатысуымен сағат 20.22-де жойылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, дала өрті 9 шілде күні Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінде болды.

«Сағат 11.03-де Сарыөмір ауылынан 10 шақырым жерде шамамен 10 гектардай аумақта құрғақ шөп отқа оранды. Оқиға орнында ерікті өрт сөндіру құрылымы жұмыс жасауда. Сондай-ақ өрт сөндірушілер де барды. Сағат 12.20-да күш-құралдарды үйлестіру үшін ТЖ департаментінің жедел штабы құрылды», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті мәліметі бойынша Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан 10 шақырым қашықтықта екі жерде (Егінсай – 45 га, Кірпі – 40 га) бүгін шыққан өрт сағат 16.20-да толықтай ауыздықталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-14.93 ℃
Днем-12.57 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-14.64 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-10.99 ℃
Днем-7.53 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.8 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.44 м/с