Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар айыппұл төлейді: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

2023 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Сенат бұл заңды 2023 жылдың 21 маусымда талқылап, қол қою үшін Президентке жолдаған болатын.

“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Заң БАҚ-та жарияланған кейін 60 күннен соң күшіне енеді.

Заң жобасы онлайн платформаларды реттеудің мынандай халықаралық стандарттарына сәйкес келеді:

  • онлайн платформаларда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
  • әлеуметтік желіні қолданушы және инфлюенсер (блогер) анықтамаларын беру;
  • негізгі заң жобасының терминологиясына, заңда қолданылатын түсініктерді толықтыру;
  • Онлайн платформалардың жұмысын реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, заң жобасына енгізу жөнінде;- отандық әлеуметтік желіні қолданушылардың құқын арттыру үшін әлемдік техногиганттар мен қазақстандық қолданушылардың арасындағы коммуникацияны реттеу;
  • онлайн платформаның иесі немесе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан аккаунттарды тоқтатуға міндетті;
  • Онлайн платформаларда жарнаманы жылжыту;
  • Онлайн платформаларда модерация жүргізу;
  • жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мәселелер бойынша өзгерістер енгізді.

Заң онлайн платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Атап айтқанда, желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Интернет-платформалардың қарапайым пайдаланушылары үшін айыппұл 20 АЕК (2023 жылы 69 мың теңге), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 АЕК (2023 жылы 138 мың теңге) болады.

Онлайн платформалардың интерфейстері мемлекеттік тілде болуын міндеттеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, онлайн сайттардың басшылары жалған ақпаратпен және салық төлеуден жалтарумен күресу мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті болады.

Сондай-ақ, интернет-сайттарды пайдаланушылар өз парақшаларында орналастырылған интернет-жарнамаларды белгілеп, жалпы өз қызметін кәсіпкерлік заңнамаға сәйкес жүргізуге міндетті болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром20.99 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с