Қазақстандық оқушылар енді мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын ала алады

Оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алып, еңбек нарығына шыға алады. 

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық аймағында колледждер базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа білім беру бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына өз мектебінде білім ала жүріп, колледждерде жұмысшы мамандықтарын қатар меңгеруге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта 16 жұмысшы мамандығы анықталды. Оқыту күніне 2 сағаттан тұрады. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінен 2 колледж нақтыланды. Онда оқушылар кәсіби дайындықтан өтеді», — дейді Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

Пилоттық жобаға алғаш болып Ақмола облысының оқушылары қатысады. Олар Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжі мен Степногорск қаласының жоғарғы колледжі базасында білім алатын болады.

«Биыл пилоттық жобаға Көкшетау қаласының екі мектебі қатысады. Оқушылар аспаз, наубайшы, сәндік-қолданбалы өнер және дәнекерлеуші мамандығын оқиды. Степногорск қаласында 9 мектеп бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Бұл мектептердің түлектері «Интерьер дизайны» және «автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім ала алады.

Колледжде білім беру процесін жүргізу үшін білім беру бағдарламасы әзірленді, педагогтер дайын, арнайы пәндер шеберханалары мен кабинеттері жабдықталған», — дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.

Ведомство ақпаратынша, оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алып, еңбек нарығына шыға алады. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-05
Утром19.08 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.29 ℃
Ночью19.12 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.84 м/с
2026-09-06
Утром17.73 ℃
Днем29.78 ℃
Вечером28.64 ℃
Ночью19.68 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.47 м/с