Нұржан Өтепбаев БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы болып тағайындалды

ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұржан Сапаргелдіұлы Өтепбаев БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Нұржан Сапаргелдіұлы 1984 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Атырау филиалының заң бөлімінің заңгері болып бастады.

Әр жылдары «Аджип ККО» визалық қолдау жөніндегі кеңесші, «Эн Си Продакшн Оперейшнс компани Би Ви» ЖШ жеке компаниясы филиалының корпоративтік қызметін қолдау жөніндегі супервайзері, «Бейбарыс-Атырау» хоккейден облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК директоры, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ «Almaty Innovations» инновацияларды дамыту орталығы директорының орынбасары, «Kazakh Invest» «Ұлттық компаниясы» АҚ өңірлік директоры болып жұмыс істеді.

Тағайындауға дейін «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.24 ℃
Днем16.34 ℃
Вечером15.99 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.52 м/с
2026-04-20
Утром10.08 ℃
Днем14.19 ℃
Вечером11.1 ℃
Ночью9.23 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.98 м/с