Оралда сәрсенбіге қараған түні терроризмге қарсы жаттығулар өтеді
Қаланың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

«11-12 шілдеде облыс орталығының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан жедел штабының басшылығымен терроризмге қарсы жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Осыған байланысты, 11 шілдеде сағат 22.00-ден 12 шілдеде сағат 7.00-ге дейін Жекпе-жек өнері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің («Динамо») облыстық МКҚК ауданында (Қ. Аманжолов көшесі, 174), Орал қаласы полиция басқармасының іргелес аумағы (Ш.Айталев көшесі 10) , облыстық мәслихат ғимараты (Н.Назарбаев даңғылы, 201 және «Базис Ойл» ЖШС өндірістік базасы (2 Орал, Гагарин көшесі, 100) автокөлік пен халықтыңк қозғалысына қысқа мерзімді шектеулер енгізілетін болады», — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.сейсенбіде.
ПД қозғалыс маршруттарын алдын-ала жоспарлауды, тыныштықты сақтауды және тәртіп қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.
