Қазақстанда АИ-95 маркалы бензин тапшы

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы және күтпеген жөндеу жұмыстарына кіріскендіктен, елде АИ-95 маркалы бензин тапшылығы сезілуде.

Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

«АИ-95 бензиннің тапшылығының пайда болғаны байқалды. Бұл Шымкент мұнай-химия зауытында жүргізген жөндеу жұмыстары мен Атырау зауытының апатты жағдайда тоқтап қалуына байланысты. Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажетті көлем жинақталып, әкімдік өтініштеріне сәйкес жөнелтіліп жатыр. Иә, тұтыну көлемі ұлғайған аймақтарда тапшылық болуы мүмкін. Тапшылық ішкі жеткізу есебінен жабылады», – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ алыпсатарлар қолма-қол ақшаға алатынын атап өтті. Мемлекет АИ-92 мен дизельге қарағанда АИ-95 бағасын реттемейді. Бірақ ол Қазақстан жанар-жағармайды шетелден сатып алып, аймақтарға бөлінуін қадағалайтынына уәде берді.

«АИ-95 бензин – реттелмейтін отын түрі, жанармай құюшылардың өздері бағаны көтеруге құқылы. Біз энергетика министрлігі ретінде баға көрсеткіші бойынша ұсыныстар жасай аламыз. Біз бұл жұмысты өнім иелерімен де, жанармайдың осы түрінің бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін жанар-жағармай құю станциялары бар желілермен де, кәсіпорындармен де жүргіземіз», – деп қосты Сәтқалиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром26.37 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с