Тұрмысы төмен отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі

Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарының коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарының бір бөлігі өтеледі. Мұндай тетік мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету аясында көзделіп отыр.

«Ол тұрмысы төмен отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер (жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т. б.) шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс.

Биыл үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі.

Бұрын бұл көрсеткіш әр өңірге байланысты 2-20% аралығында болған. Бұл ретте әкімдіктер рұқсат етілген шекті деңгейді 10%-дан төмендетуге құқылы.

Мысалы, егер отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысы 100 мың теңгені, ал коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыны 15 мың теңгені (табыстың 10%-дан астамын) құраса, онда азаматтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтем алуға құқығы бар.

Тұрғын үй көмегін алу үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью16.56 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром16.09 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером13.7 ℃
Ночью12.41 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.51 м/с