Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді:

  • дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес),
  • эластикалық бинттер,
  • таңғыш пакет,
  • медициналық бұласыр,
  • доғал темір қайшы,
  • өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,
  • таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі,
  • бір реттік мұз пакеті,
  • ысқырық, шам,
  • дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр,
  • блокнот,
  • қарындаш,
  • дымқыл майлықтар (антисептикалық),
  • қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

«Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады».ҚР Денсаулық сақтаау министрлігінің баспасөз қызметі

Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром17.82 ℃
Днем23.86 ℃
Вечером24.29 ℃
Ночью20.18 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром16.67 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером25.16 ℃
Ночью18.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.29 м/с