БҚО әкімі аппаратының басшысы атқаратын қызметінен босатылды

Абат ШЫНЫБЕКОВ өткен жылдың сәуір айынан бастап әкім аппаратының басшысы қызметін атқарды. Осы лауазымға дейін ол 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін Орал қаласының әкімі болды.

«ОА»мұрағатынан алынған сурет

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі лауазымына дейін Абат Шыныбеков БҚО Казталов және Сырым аудандарын басқарған.

Айта кетейік, Абат Шыныбеков БҚО тумасы. 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ал 1998 жылы «Еуразия» Менеджмент және тілдер институтын бітірген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, елу жастағы Абат Шыныбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Бұрынғы басшының нақты не істейтіні белгісіз, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде бұл сұраққа жауап берілмеді.

Естеріңізге сала кетейік, сот заңгер және азаматтық белсенді Өтеповке үкім шығарған кезде облыс әкімдігінің атына жеке ұйғарым шығарған болатын.

Бұл сот процесінде Шыныбеков туралы куәгерлердің айғақтары айтылды. Ол қала әкімі болған кезде жер учаскелерін бөлу туралы заңсыз бұйрықтар берген.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Орал қаласында Аслан Өтепов ісінің куәгері оған заңсыз учаскеге келісім беруді Орал қаласының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков бұйырғанын айтты

Орал қаласының бұрынғы әкімі Шыныбеков қарамағындағылардың айыптау үкіміне байланысты мемлекеттік қызметтен кетпейді

Орал әкімі «Ирменов үйлері» төңірегіндегі жанжал үшін жеке өзін жауаптымын деп есептемейді

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром17.82 ℃
Днем23.86 ℃
Вечером24.29 ℃
Ночью20.18 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром16.67 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером25.16 ℃
Ночью18.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.29 м/с