Бірнеше күн ішінде жол апатында 24 адамның өмірі қиылды

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан еліміздің жолдарындағы апаттылық жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр.

Фото: atpress.kz

– Алты ай ішінде біз 1,5 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалғанымызға қарамастан өткен жұма сенбі, жексенбі күндері шамамен 25 адамнан айырылып қалдық. Қала маңындағы трассаларда үш немесе одан да көп адам шығынымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткені ерекше алаңдатады, – деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Мәселен, 15 шілдеде Абай облысында Lada автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автомашинаның аударылуына жол берді. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам түрлі жарақат алды.

16 шілде сағат 15:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық маңызы бар автожолында Chevrolet Сobalt жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеті адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Осы апта да жол-көлік оқиғаларынан басталды.

Бүгін таңертең Түркістан облысында, Шаян ауылының маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Екпінді – Созақ облыстық маңызы бар тас жолында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Сrafter көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралдары қас қағым сәтте өртке оранды. Оқиға орнында 10 адам қайтыс болды, 12 адам ауруханаға жеткізілді.

© Photo : Түркістан облыстық полиция департаменті

Алдын ала мәліметтер бойынша жол апатына Nissan автокөлігінің қарсы жүріс жолағына шығуы себеп болған.

Осы жағдайлардың барлығы жол жүрісіне қатысушылардың тәртібінің төмендігін және жүргізушілердің менмендігін көрсетеді.

Талдауға сәйкес барлық жол-көлік оқиғаларында жүргізушілер асығыс жүріп, басып озу үшін қарсы жолаққа шығады. Жылдамдықтың жоғарылауына байланысты олар автокөлік тізгініне ие бола алмай, келеңсіз оқиғаларға тап болады.

Жол апаттарының 95%-ы жүргізушілердің немқұрайлығы мен салғырттығынан болады.

– Жол қателіктерді кешірмейтінін бәрі біледі, сондықтан жүргізушілерден асықпауды сұраймыз.

Осы қайғылы жол апаттарын ескере отырып, әкімшілік полиция комитеті жол жүрісіне қатысушыларды қауіпсіз жүріс жылдамдығы мен автокөліктер арасындағы қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Бүгінгі таңда еліміздің жолдарында 1 022 адам қаза тауып, 7 370 адам жарақат алған.

Олардың өмірі “ЖКО-ға дейін” және “кейін” болып екіге бөлінді, себебі олардың қаншасы аман қалатыны және қаншасы мүгедек болып қалатыны белгісіз.

Әрбір жүргізуші, жолаушы, жаяу жүргінші осындай хабарламаларды оқығаннан кейін немесе көріп, тыңдағаннан кейін өзімен мұндай жағдай болмайды деп санайды, бірақ бұл қайғылы статистикаға кіргендер де солай ойлаған болатын.

Құрметті жол жүрісіне қатысушылар, “бұл менімен болмайды” деген ойлардан арылу керек, асықпаңыз және абайлаңыз, үнемделген секундтар немесе минуттар сіздің өміріңізді қиюға тұрарлық дүние емес! Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ! – деді Ақтоты Боранова.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с